Оралда есірткіге қарсы жүргізілген жедел іс-шаралар барысында 7 азамат жауапкершілікке тартылып, алты қылмыс тіркелді

ОРАЛ. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - «Есірткіге тосқауыл» іс-шарасының екінші кезеңі барысында Орал қаласында ҚР ӘК 320-бабына сәйкес 7 азамат жауапкершілікке тартылып, іс материалдары сотқа жолданып,
None
None
алты қылмыс тіркелді. Орал қалалық ішкі істер басқармасының баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, бұлардың екеуі есірткіні сақтағаны, төртеуі өзгелерге сатқаны, біреуі теміржол вокзалы ауданында есірткі нүктесін ұстағаны үшін жауапқа тартылды. Шара барысында Магистральная көшесі 1-үй маңынан Т. есімді азаматты тексеру кезінде одан героин табылды. Еш жерде жұмыс жасамайтын Т-ның Шаған жағалауы мен Карев көшелері қиылысында біреуге героин сатып үлгергені де анықталды. Есірткіге әуестер қаланың әр аймағынан кездесіп отыр. С.Датов көшесі бойындағы «Сулпак» сауда орталығының жанынан 1983 жылғы В. мен Я-ны күдікті ретінде тінту кезінде 1,67 грамм марихуана табылды. Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті маңынан екі азаматтан 3,78 грамм, Циолковский көшесі 5-үй жанынан тағы бір адамнан 3,32 грамм марихуана тәркіленген.
Соңғы жаңалықтар