Оралда гараж бен шағын автобус жанып кетті

Орал қаласында гараж бен шағын автобус жанып кетті, деп хабарлайды Kazinform. 

Орал
Фото: БҚО ТЖД

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 5 желтоқсан күні жергілікті сағат 21.50-де болды. 

Орал
Фото: БҚО ТЖД

«Н.Чесноков көшесі бойында гараж отқа оранды. Алдын ала мәлімет бойынша жалын 70 шаршы метрді шарпыды. Гараждың ішінде шағын автобус болған. Зардап шеккендер жоқ. «Тілсіз жауды» ауыздықтауға өрт сөндіру бөлімдерінен 14 адам жіне 3 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 22.40-та оқшауланды. Оқиға орнында Орал қаласы ТЖ басқармасы, зерттеу-сынау өртке қарсы зертханасы мамандары болды», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда Атырау мен Ақтөбе бағытындағы жолдар жабылғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар