Оралда халық санағына байланысты дөңгелек үстел өткізілді

ОРАЛ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде алдағы халық санағына байланысты дөңгелек үстел өткізілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Педагогикалық институт директоры, профессор Төлеген Ботағариев халық санағының елдің экономикалық және әлеуметтік дамуындағы маңызын атап өтіп, оның тарихына да тоқталды. Жиналғандарға науқанды өткізуге байланысты ұйымдастыру және басқа мәселелер бойынша түсініктер берілді. Сондай-ақ өңірдегі ішкі көші-қон, экология, демография мәселелері де қозғалды. Облыстық статистика департаментінің бастығы Абай Хамзиннің айтуынша, халық санағы жұмыстарына жоғары курстарда оқитын студенттер де тартылып отыр.
Соңғы жаңалықтар