10:50, 07 Наурыз 2009 | GMT +5
Оралда Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт болды
ОРАЛ. Наурыздың 7-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Наурыздың 7-сінде А.Островский атындағы облыстық орыс драма театрында Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана құдіреті» атты мерекелік концерт болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс жұртшылығы, өңір және қала басшылары қатысқан кеште Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Сәуле Таудаева, Мұрат Әмірханов, Сағадат Рахметжанов сынды Ақ Жайықтың танымал әншілері өнер көрсетті. Сондай-ақ облыстағы өнер ұжымдары да шеберліктерімен танылды.
Елбасы Жолдауымен тұспа-тұс келген кеш әйел-аналар мен аруларға ерекше әсер қалдырды.