Оралда Халықаралық балаларды қорғау күні кеңінен аталып өтілмек

ОРАЛ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Оралда Халықаралық балаларды қорғау күні кеңінен аталып өтілмек.
None
None

Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы Айгүл Төкешеваның ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, осы мерекеге орай бірнеше қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып отыр. Маусымның 1-інде «Юнисеф» балалар қоры мен «Желаев астық өнімдері комбинаты» АҚ-ның демеушілігімен балалардың асфальтта сурет салу байқауы болса, облыстық қазақ және А.Островский атындағы орыс драма театрларында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қойылымдар көрсетілмек. Осы күні қала әкімі Самиғолла Оразов дарынды балалармен кездесіп, мектеп лагерьлері ашылады. Сондай-ақ басқа да түрлі мәдени-спорттық шаралар өткізілмек.

Соңғы жаңалықтар