Оралда Халықаралық студенттер күніне орай спорттық шара ұйымдастырылды

ОРАЛ. 12 қараша. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының және Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен «Орал» студенттер альянсы» корпоративтік қоры Халықаралық студенттер күніне орай жоғары оқу орындарының студенттері мен арнаулы орта оқу орындарының оқушылары арасында спорттық ойындардан жарыс ұйымдастырды.
None
None
Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің спорт залында өткен сайысқа 10 команда қа­тысты. Волейболдан Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясы - бірінші, экономика және ақпараттық технологиялар колледжі - екінші, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі үшінші орынды иеленсе, баскетболдан Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Батыс Қазақстан гуманитарлық колледжі жүлделі орындарды бөлісті. Ал №7 жалпы орта білім бе­ретін мектебінің спорттық ала­ңында шағын футбол ойыны өткізілді. Доп додасында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, М.Өте­місов атындағы Батыс Қа­зақ­стан мемлекеттік универси­те­ті, экономика және ақпараттық технологиялар колледжі сәйкесінше бірінші, екінші, үшінші орынды еншіледі.
Соңғы жаңалықтар