Оралда инновациялық қызметтің мемлекеттік қолдау тетіктерін түсіндіру бағытында жиын өткізілді

Семинар-кеңесте атап айтқанда, бизнес-инкубация технологиясы, жобалық қаржыландыру, инновациялық гранттар жөнінде кеңінен сөз болды.
«НАТР» АҚ басқарушы директоры Гүлнара Есенғазина инновациялық қызметтің мемлекеттік қолдау тетіктері жөнінде әңгімелеп берді.
Мәселен, ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 18 маусымындағы №800 қаулысымен бекітілген индустриялық-инновациялық жобалардағы басымдық бағыттар бойынша инновациялық гранттар беріледі.
Инновациялық гранттар алдымен жетілдірілген технологияларды алуға, өнеркәсіптік зерделеу жұмыстарына беріледі.
Сонымен қатар инновациялық гранттар шетелде қызметкерлердің инженерлік-техникалық біліктілігін арттыруға, бастапқы сатыда жоғары технологиялық өндірістің дамуына қолдау көрсетуге, патенттік шетелдік немесе жергілікті патенттік ұжымдарда патент алуға, технологияны коммерциялауға, жоғары білікті шетел қызметкерлерін тартуға, басқару және өндірістік технологияларды енгізуге беріледі.
Семинарда «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ-ның ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан «Инновациялық форсаж» атты республикалық акциясы аясында БҚО-дан жартылай финалға 1 инновациялық жобаның өткені туралы да айтылды.