Оралда ішкі істер қызметкерлері арасында облыс біріншілігі мәреге жетті

ОРАЛ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда ішкі істер қызметкерлері арасында облыс біріншілігі мәреге жетті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Жарысқа он төрт команда құрамында сексенге тарта балуан қатысып, тоғыз салмақ дәрежесінде сынға түсті. Сайыс қорытындысында командалық есепте облыстық жол полициясы басқармасы, облыстық ішкі істер департаменті, Ақжайық ішкі істер бөлімі жүлделі орындарды бөлісті. Чемпионатта жеңімпаз атанғандар сәуір айында Қызылорда қаласында өтетін республикалық жарысқа қатысатын болады.
Соңғы жаңалықтар