Оралда иті баланы қауып алған иесіне айыппұл салынды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 16 сәуір күні Орал қалалық ішкі істер басқармасы Абай полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторына «Родник» саяжай қоғамы тұрғынынан 2008 жылғы ұлын ит қауып алғаны жөнінде хабар түскен.
БҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша иттің иесі анықталып, ол ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 408-бабы 2-бөліміне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сөйтіп «иті қарап жүрмеген» тұрғынға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын 25 ақпан күні қала төңірегіндегі Зеленов ауданы Мичурин ауылында қабаған ит алты жасар қыз баланың құлағын жұлып алып, оның иесіне де әкімшілік айыппұл салынған болатын.