Оралда із-түзсіз кеткен 9 жасар баланың денесі табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстанда кеше кешкісін жоғалып кеткен 9 жасар баланың денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мой город порталына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, 9 жасар Нұрасыл Мәдидің денесі бүгін Ескі әуежай ауданындағы жаңадан салынып жатқан үйлердің аумағынан табылған.

«Біздің ойымызша, бала құрылыс алаңына кіріп, биік жерден құлап кеткен» деп мәлім етті полициядан.

Еске сала кетейік, 9 жасар Нұрасыл Орал қаласындағы Ескі әуежай ауданы Самал көшесі 94-үйден 5 қыркүйек күні сағат 17.40-та шығып кеткеннен қайтып оралмаған.

Ол - ерекше бала еді, Даун синдромына шалдыққан. І топ мүгедегі, оның үстіне сөйлей алмайтын.


Соңғы жаңалықтар