10:53, 26 Мамыр 2015 | GMT +5
Оралда Қ.Майдановты еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнир мәреге жетті
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған Кеңес Одағы және Ресей Федерациясының Батыры Қайырболат (Николай) Майдановты еске алуға арналған грек-рим күресінен 1999 жылғы және одан кіші жасөспірімдер арасында VІ халықаралық турнирдің жеңімпаз-жүлдегерлері анықталды.

Дәстүрлі жарысқа Ресейдің Орынбор, Саратов, Қазақстанның Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарынан жасөспірім палуандар қатысып, 13 салмақ дәрежесінде бақ сынады.
Турнир қорытындысында Артем Богданов (Саратов облысы, 32 кг), Мұса Қалибек (Ақтөбе облысы, 35 кг), Азат Мұхамедиев (Орал, 38 кг), Санжар Лекеров (Орал, 42 кг), Бақтияр Қадырғалиев (Орал, 46 кг), Олжас Жалғасұлы (Ақтөбе, 50 кг), Бақдәулет Зайроллаев (Ақтөбе, 54 кг), Сұлтанбек Елемес (Орал, 58 кг), Дәулет Ларионов (Орал, 63 кг), Бекжан Жақсылықов (Атырау, 69 кг), Бекхан Алданов (Атырау, 76), Әмірбек Алдияров (Ақтөбе, 85 кг), Руслан Татаханов (Орал, 100 кг) чемпион атанды.