18:59, 02 Қазан 2013 | GMT +5
Оралда Қ.Төлебаевтың отбасылық мұражайы ашылды
ОРАЛ. 2 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін өңірде басшылық қызметтер атқарған ардагер Қуанышбай Төлебаевтың отбасылық мұражайы ашылды.

Шарада облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айгүл Есекенова аға буын өкілдерін Қариялар күнімен құттықтап, «Зерде» қорының төрағасы Қуанышбай Төлебаевқа өңірдің дәстүрлі ән-күйлерінің таспалар жинағын сыйға тартты.
Жиналған жұртшылық мұндай мұражай республика көлемінде жоқ екенін айтып, жас ұрпақ тәрбиесіне оның қосар үлесі көп болатынын тілге тиек етті.
Қ.Төлебаевтың сөзіне қарағанда, мұражайға өз әулетіне ғана емес, өңірге қатысты фотосуреттер, түрлі бұйымдар қойылған.