Оралда қала прокуратурасының араласуымен 121 жұмысшыға 153,7 млн. астам жалақы қарызы өтелді

ОРАЛ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласы прокуратурасы кәсіпорын-мекемелерде еңбек заңнамасы талаптарының сақталуына мониторинг жүргізген кезде заңбұзушылықтардың орын алғанын анықтады.
None
None

Облыс прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, «Ақжайық» спорт клубы» АҚ 60 жұмысшының алдында ағымдағы жылдың шілде мен тамыз айлары үшін 5 116 300 теңге және 61 спортшы мен жаттықтырушыларға қаңтар мен тамыз айлары үшін 148 603 500 теңге көлеміндегі бережақ қалыптасқаны анықталды. Барлығы 121 жұмысшылар мен спортшыларға 153 719 000 теңге қарыз болып шықты.

Осыған орай қалалық прокуратура «Ақжайық» спорт клубы» АҚ-ның басшылығына заңбұзушылықты дереу жою және 2011 жылғы 1 қазанға дейін еңбек қызметінің аталмыш кезеңі үшін қызметкерлерге жалақыларын төлеу туралы ұйғарым енгізілді. Алайда ұйғарым орындалған жоқ, сондықтан қалалық прокуратура ұйғарымды мәжбүрлеп орындату туралы қаулы шығарып, БҚО бойынша сот актілерін орындау департаментіне жолдады. Прокурорлық ықпал ету шараларымен беражақ толық өтелді.

Сол секілді «Дастан» баспа-полиграфия кешені» ЖШС-інің сегіз жұмысшы алдындағы 371 мың теңге көлеміндегі берешегі де өтелді.

Соңғы жаңалықтар