23:34, 25 Қыркүйек 2023 | GMT +5
Оралда КамАЗ көлігі қаққан әйел көз жұмды
Орал қаласында «КамАЗ» автокөлігі қағып кеткен әйел көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 25 қыркүйек күні М.Шолохов көшесі бойында болды.
«Сағат 09.30-да 1971 жылғы жүргізуші «КамАЗ» автокөлігімен «Алтын алма» базарының тұсында 53 жастағы әйелді қағып кеткен. Жаяу жүргінші белгіленбеген жерден жолды кесіп өтпекші болған. Жол апаты салдарынан түрлі жарақат алған әйел ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Қазіргі кезде аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде» деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 1 жасар қыздың төртінші қабаттан құлап кеткенін жазған болатынбыз.