09:16, 20 Сәуір 2013 | GMT +5
Оралда каратэ-додан жастар арасында ел чемпионаты өтуде
ОРАЛ. 20 сәуір. ҚазАқпарат - 19 сәуір күні Орал қаласындағы жабық мұз айдыны сарайында каратэ-додан кадеттер мен жастар арасында ел чемпионаты басталды.
Жарысқа қатысушыларды облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен, ҚР каратэ-до федерациясының вице-президенті Жасталап Санауов құттықтап, сәттілік тіледі.
Біріншілікке он облыс пен Астана, Алматы қалаларынан жас каратэшілер қатысуда. Жарыс 21 сәуір күні мәреге жетіп, дүниежүзілік додаларда ел намысын қорғайтын жеңімпаз-жүлдегерлер анықталмақ.