Оралда кәріс ұлтының жер аударылуының 75 жылдығына орай көрме ашылды

ОРАЛ. 12 қазан. ҚазАқпарат - 12 қазан күні Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде кәріс ұлтының депортациясына 75 жыл толуына арналған «Тарихтан - тағылым, өткенге - тағзым» атты көрменің ашылу салтанаты болды.
None
None

Бұл салтанатты шараға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, белгілі мемлекекет қайраткері, жазушы Әбіш Кекілбаев қатысты.

Бүгінгі таңда елімізде 120 ұлт өкілдері тұрып жатса, оның жүз мыңнан астамын кәрістер құрайды. Көрменің де мақсаты - кәріс ұлтының жер аударылғанына 75 жыл толуына орай тарихтан тағылым алып, өткенге тағзым ету. Көрерменге экспозиция негізінде кәріс ұлтының депортациясы туралы әңгімелеу. Батыс Қазақстан музейі қорында сақталған кәріс халқына қатысты деректерді қалың көрермен қауымға, жұртшылық назарына ұсыну.

Көрмеге Қазақстан халқы ассамблеясының кәріс қоғамы тарапынан ұсынылған фотосуреттер мен басылымдар қойылды.

Соңғы жаңалықтар