Оралда кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды

ОРАЛ. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Орал қаласында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалы жанынан кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды.
None
None

Оның ашылу рәсіміне БҚО әкімінің орынбасары Алмаз Бадашев пен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ернар Нұрғалиев қатысты.

Шара барысында аталып өтілгеніндей, бұл - елімізде ашылып отырған 15-інші орталық. Мұндай орталықтар Алматы, Шымкент, Тараз, Қызылорда және басқа қалаларда табысты жұмыс істеп, кәсіпкерлер үшін қажеттілігін көрсетіп отыр.

Аталмыш орталықта кәсіпкерлерге «бір көз» арқылы түрлі қызметтер көрсетілетін болады. Мұнда кәсіпкерлерді оқыту курстары, бизнес жүргізудің өзекті мәселелері бойынша шеберлік дәрістері, семинарлар ұйымдастырылады. Кәсіпкерлерге тегін кеңес беріледі. Бір сөзбен айтқанда, оларға қызметтер кешені ұсынылады.

Аудандық деңгейде кәсіпкерлікті қолдаудың жедел орталығы облыста жұмысын биыл бастаған болатын. Күні бүгін бұл орталық 1 мыңнан астам кеңес берді. Ақсай қаласындағы осындай орталықтан кәсіпкерлер 450 кеңес алып үлгерді. Ең бастысы, мұндай орталықтар салмақты бизнес-жобаларды жүзеге асыруға септігін тигізбек.

Соңғы жаңалықтар