Оралда Каспий теңізі шекарашылары үшін жасалып жатқан кемеге «Есіл» деген атау берілді

ң 3-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен  телекөпірде Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Каспий теңізі шекарашылары үшін жасалып жатқан кеменің құрылысымен таныстырды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз қазір «Зенит» зауытының өндіріс аумағында тұрмыз. Мұнда Каспий теңізі шекарашылары үшін жасалып жатқан кеме құрылысы аяқталу қарсаңында. Бұдан бұрын бұл ұжым «Бүркіт», «Сұңқар» кемелерін жасаған болатын. Ал қазіргі жасалып жатқан кеменің артықшылығы сонда, ол өте жылдам жүзеді. Сағатына 90 шақырым жылдамдықпен 3 тәулікке дейін айлаққа кірмей, 400 мильдей қашықтыққа дейін жүзе алады. Бұл жоба еліміздің кеме жасау бағдарламасы шеңберінде жүзеге асуда. Астана қаласының туған күні құрметіне орай бұл кемеге жағасында әсем елордамыз бой көтерген Есіл өзенінің атын бергелі отырмыз», деді телекөпірде Б. Ізмұхамбетов. Әкім жыл аяғына дейін  облыс аумағында екі инфрақұрылымдық, екі өндірістік, бес әлеуметтік жоба іске қосылатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар