09:25, 19 Маусым 2025 | GMT +5
Оралда кәсіпкерлерден ақша бопсалаған 8 адам ұсталды
АСТАНА. KAZINFORM — 10 маусымда Орал қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәсіпкерлерден ақша бопсалады деген күдікпен топтың әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

— 8 қазақстандық ұсталды, екеуі соттың санкциясымен қамауға алынды, — делінген ҰҚК хабарламасында.
Бұл тұлғалардың әрекеттері аймақтың коммерциялық іс-әрекетіне қатысушыларына теріс әсер еткен.
Тінту барысында ірі көлемде ақша мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген. Қылмыстық кодекстің 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Айта кетелік Түркістан облысында колледж студентін өлтіру күдігімен шетелдік ұсталған еді.