Оралда «Қауіпсіз қала» жедел алдын алу шарасы өткізілуде

ОРАЛ. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Орал қаласында маусымның 14-18-і аралығында «Қауіпсіз қала» жедел алдын алу шарасы өткізілуде.
None
None

Соңғы кезде автокөлікті мас күйінде айдаушылардың көбеюі аталмыш іс-шараны ұйымдастыруға себеп болып отыр. Облыстық жол полициясы басқармасының инспекторы Динара Әбділхалықованың айтуынша, шараға ішкі істер органдарының күш-құралдары барынша кеңірек тартылуда.

Іс-шара кезінде автокөлік руліне ішімдік ішіп отырушыларға тосқауыл қоюмен қатар «темір тұлпарларына» өз бетімен дыбыс және жарық белгілерін орнатушыларға, көші-қон заңдылығын бұзушыларға да ерекше назар аударылады.

Соңғы жаңалықтар