Оралда «Қазақстан 51-інші халықаралық математикалық олимпиаданы қарсы алуда» атты онкүндік өткізілуде

ОРАЛ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында «Қазақстан 51-інші халықаралық математикалық олимпиаданы қарсы алуда» атты онкүндік ашылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш білім бәсекесі биылғы шілде айында Астана қаласында өткізілмек. Осыған орай облыстарда онкүндіктер өткізілуде. Облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Сабыровтың айтуынша, онкүндік аясында математика пәнінің мұғалімдері ашық сабақ береді, шебер сыныптар анықталады. Оқушылар үшін түрлі сайыстар ұйымдастырылады.

БҚО-ға халықаралық математикалық олимпиаданың туын Маңғыстау облысының делегациясы тапсырды. Өңірде онкүндік аяқталған соң батысқазақстандықтар олимпиада туын Ақтөбеге жеткізеді.

Соңғы жаңалықтар