Оралда «Қазақстан мемлекеттілігі: тарихи бетбұрыс пен болашаққа ұмтылыс (1991-2011 жылдар)» деген тақырыпта халықаралық конференция өтті

None
None
ОРАЛ. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде облыс әкімдігі мен облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен Қазақстан мемлекеттілігі: тарихи бетбұрыс пен болашаққа ұмтылыс (1991-2011 жылдар)» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Аталмыш басқосуға оралдық ғалымдармен қатар Алматыдан Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты, Мәскеуден халықтар достығы университеті, Түркиядан және Қазақстанның басқа жерлерінен ЖОО-лар өкілдері қатысты. Конференцияға барлығы 103 баяндама ұсынылды.

Университеттің әлем тарихы кафедрасының доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Хамида Қожабергенованың айтуынша, конференция қамтыған мәселелер ауқымы кең болды. Тарихшы-ғалымдар Қазақстан тәуелсіздігінің мән-маңызына терең бойлап, оның сан қырына үңіле білді.

Соңғы жаңалықтар
telegram