Оралда «Қазақстан Республикасы» сериясымен жарық көрген көптомдық жинақтарға арналған облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция болды

ОРАЛ. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы ғимаратында маусымның 17-сінде «Қазақстан Республикасы» сериясымен жарық көрген көптомдық жинақтарға арналған облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конференцияға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменнің атап өткеніндей, елімізде Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында айтулы шаралар қолға алынып жатыр. Соның бірі - аталмыш сериямен кітаптар шығарып, Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңіне ой жүгіртіп, саяси-тарихи тұрғыдан баға беру.

Конференцияда «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы төрағасының орынбасары Абат Шыныбеков - «Елбасы жолдады - елі қолдады», Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абат Қыдыршаев - «Елмен сырласу», Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, профессор Мырзағали Мұхамбетов - «Әлем Қазақстан туралы, әлем Президент туралы», М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Жәнібек Исмурзин «Тәуелсіздік шежіресі» кітабы туралы өз толғамдарын айтып, баяндама жасады. Сондай-ақ конференцияға қатысушылар ой-пікірлерімен бөлісіп, кітаптарды қалың оқырман, студент жастар арасында кеңірек таныстыру қажеттігін атап өтті.

Жиын соңында аталған тақырыптармен «Күлтегін» баспасынан жарық көрген 14 кітап батысқазақстандық кітапханаларға табыс етілді. Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы директорының орынбасары Сара Кенжебаеваның айтуынша, осы жобамен 2015 жылға дейін 138 кітап жарық көретін болады.

Соңғы жаңалықтар