Оралда Қазақстанның Кеден одағына кіруіне орай өңір тауар өндірушілерінің дайындығы пысықталды

РАЛ. Мамырдың 31-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Мамырдың 31-інде облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің төрағалығымен өткен мәжілісте Қазақстанның Кеден одағына кіруіне орай өңір тауар өндірушілерінің дайындығы пысықталды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мамырдың 25-і күні болған Үкімет басшыларының кездесуінде Қазақстан мен Ресей бірыңғай Кеден кодексін биылғы шілденің 1-інен бастап қолданысқа енгізуге уағдаласқаны белгілі. Ресейдің бес бірдей аймағымен шектесетін Батыс Қазақстан облысының Кеден одағына кіруге даярлық жұмысы баяғыда басталды. Берісі ірі өндіріс ошақтары, әрісі жергілікті кәсіпкерлер мен ұсақ шаруалар ортақ рынокқа қандай өнім ұсынамыз деген ой үстінде жүр. Ойланып қана отырмай, білекті сыбанып іске кірісіп кеткендері аз емес. Мұны облыс басшысы да атап өтті.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Марат Оңғарбеков 2009 жылы Ресейден Қазақстанға әкелінген ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 1,5 млрд. АҚШ долларын құрағандығын, екіжақты алыс-беріс 852 млн. долларға жеткендігін мәлім етті. Салыстырмалы талдау көрсеткендей, негізгі азық-түлік өнімдерінің өңірдегі бағасы Ресейдің көрші облыстарымен салыстырғанда біршама арзан. Өкінішке орай, Ақжайық, Бөкей ордасы, Жәнібек, Шыңғырлау аудандарында малдың бруцеллез ауруы шыққан шаруашылықтар бар. Оларда жағдай түзелмейінше, нарыққа ет өнімдерін шығару мәселесі әдемі әңгімеден аспауы мүмкін. Сосын қала базарларына ет әкелу жайын тұрақты бақылауға алуды аудан әкімдері ұдайы назарда ұстауы тиіс.

Кеңесте сөз алған облыстық кедендік бақылау департаментінің бастығы Әмірхан Мауқұлов Кеден одағы тарифіне байланысты түсінік берді. Мәжілісті қорытқан облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Соңғы жаңалықтар