Оралда кісі өлтіруге оқталу дерегі бойынша тергеу жүргізілуде
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 29 желтоқсан күні Құрманғазы көшесі бойындағы «Карина» кафесінің жанында болған оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Бейнежазбада жәбірленуші, 1995 жылғы А-ға күдікті, 1998 жылғы С-ның дене жарақаттарын салып жатқаны көрінеді.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі - 99-бабы 1-бөлігіне сәйкес (кісі өлтіруге оқталу) тергеу жүргізілуде. Күдікті қылмыстың ізі суымай, сол күні ұсталған. Оған сот қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
«Аталмыш бейнежазба Ақсай қаласында колледж студентін пышақтап өлтіру көрінісі ретінде әлеуметтік желілерде таралуда. Мұның ол оқиғаға қатысы жоқ», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, кеше Ақсайда колледж студентін пышақтап өлтірген күдіктінің де ұсталғанын жазған болатынбыз.