Оралда қобызшы Ж.Нұрымбетованың «Қобыздың қоңыр үнімен» атты шығармашылық кеші болды

ОРАЛ. Мамырдың 24-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияда қобызшы, халықаралық, республикалық фестиваль-байқаулардың лауреаты Жәмила Нұрымбетованың «Қобыздың қоңыр үнімен» атты шығармашылық кеші болды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің мәдениет және өнер институтында дәріс беретін Ж.Нұрымбетованың шәкірттері де талай байқаудан жүлде алып жүр. Сондықтан Ж.Нұрымбетовамен қатар Ақсамал Қанатқалиева, Гүлжайна Хайруллина, Гауһар Жанғалиева және басқалар өнер көрсетті. Көпшілік Дәулеткерей атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің өнеріне де риза болды.

Биыл аталмыш оркестрдің 10 жылдығына орай басқа да шаралар ұйымдастырылмақ.

Соңғы жаңалықтар