Оралда қоқыс контейнерінен табылған шақалақтың анасы іздестіріліп жатыр

ОРАЛ. KAZINFORM — Орал қаласында қоқыс контейнерінен табылған шақалақтың анасының кім екендігін анықтау жұмыстары жүргізілуде.

полиция, полицейский
Фото: ІІМ

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Орал қаласында 14 тамызда болған оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. 

- Полициямен медициналық мекемелерде есепте тұратын әйелдер тексерілді. Сондай-ақ есепте жоқ, түрлі себептермен шығып кеткендер де бұдан тыс қалған жоқ. Полиция қызметкерлері осы маңдағы көпқабатты және жеке үйлерді аралап, сұрастырды. Үйлердің кіреберістерінде орнатылған бейнебақылау камераларының бейнежазбалары зерттелді. Шақалақтың анасын іздеу жұмысы жалғасуда. Егер осыған қатысты қандай ма болсын ақпаратты білетіндер болса, 102, 8-711-2-98-15-01, 8-775-373-00-94 телефон нөмірлеріне шұғыл қоңырау шалуы сұралады, - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда қоқыс контейнерінен шақалақтың денесі табылғанын жазған едік

Соңғы жаңалықтар