Оралда қоқыс полигоны өртеніп жатыр

ОРАЛ. KAZINFORM - Орал қаласында Зачаган кентіндегі қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны аумағында қоқыс жанды.

Өрт
Фото: Тұрғындардан

Орал қаласы әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 11 маусым күні болды.

«Қазіргі кезде оқиға орнында полигонды сенімгерлік басқаруға алған „ICM Recycling“ ЖШС өрттің шетін топырақпен толтыру жұмыстарын жүргізуде. Өртті жоюға ТЖД күші (11 адам, 4 техника) жұмылдырылды. Өрт сөндіру жалғасуда», деп хабарлады ведомстводан.

Өрт
Фото: Тұрғындардан

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі қоқыс полигонында бульдозерлер мен экскаваторлардың жұмыс жасап жатқанын жеткізді.

Аталмыш полигонда қоқыстың отқа орануы бір бұл емес. Өткен жылдардан бері жалғасып келеді.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, түсте басталған өрт алыстан көрініп, исі сезіліп тұр.

Өрт
Фото: Тұрғындардан

 

Соңғы жаңалықтар