21:04, 30 Қаңтар 2025 | GMT +5
Оралда көлік жөндеу орталығында 3 автомобиль жанып кетті
ОРАЛ. KAZINFORM - Орал қаласының өндірістік аумағында орналасқан көлік жөндеу орталығында өрт шықты.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, өрт жөнінде сол тұстан өтіп бара жатқан адам 30 қаңтар күні сағат 05.58-де хабарлаған.
Жоғары ранг бойынша жедел жеткен өрт сөндірушілер техникалық қызмет көрсету бекетінде алты бокстың үшеуі отқа оранғанын анықтады.
- Өрт сөндірушілер жедел қимылдап, жалынның ғимаратқа түгел таралуына тосқауыл қойды. Олар екі автокөлікті алып шықты. Ал үшеуі жанып кетті. Өрт 250 шаршы аумақта сөндірілді. Автосервистің жалпы ауданы - 480 шаршы метр, - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО ТЖ департаментінің бастығы қызметінен босатылғанын жазған болатынбыз.