07:41, 14 Қараша 2013 | GMT +5
Оралда көпірден автокөлік «секіріп» кетіп, жүргізуші аман қалды
ОРАЛ. 14 қараша. ҚазАқпарат - 14 қарашаға қараған түні Орал қаласындағы автобус паркі ауданындағы көпірден «Hyundai Sonata» автокөлігі «секіріп» кетті.

БҚО ІІД әкімшілік полициясы басқармасының аға инспекторы, полиция подполковнигі Нұртай Лезовтың хабарлағанындай, көпір қоршауын бұзып өтіп, 7-10 метрдей биіктіктен құлап, бірнеше рет аунап түскен көлікке алғашқылардың бірі болып жол-күзет қызметкерлері (әмбебап полицейлер) жеткен. Абырой болғанда, жүргізуші аман қалған. Басынан жарақаттанған екен. Жедел жәрдем жеткенше, инспекторлар оның басын таңып, шұғыл көмек көрсеткен. Алдын ала мәліметке қарағанда, жүргізуші автокөлік рулін басқара алмай қалғанға ұқсайды.