Оралда көпірден секірмек болған 20 жастағы келіншек құтқарылды

ҚР ІІМ БҚО мамандандырылған күзет қызмет басқармасы 2-полиция батальонының взвод командирі Бақжарат Макаровтың мәлім еткеніндей, оқиға 9 сәуір күні Шаған су қоймасы бекетінде болды.
«Шамамен сағат 11.30-да осында кезекшілік қызмет атқарып жүрген 2-полиция батальонының полицейлері, полиция аға сержанттары Нұрбол Жанғалиев пен Арман Орынбасаров бейнебақылау камерасы арқылы белгісіз әйелдің көпірдің астымен өтіп бара жатқанын байқап қалады. Ол көзге көрінбей кеткеннен кейін көпірді айналып өткен полицейлер жас келіншектің секірейін деп тұрғанын көреді. Біреуі «Секірме!» деп айқайлап, әңгімеге шақырып, екіншісі артынан барып құтқарып қалады. Болған оқыс оқиға жөнінде Нұрбол мен Арман маған жеткізді. Сосын мен БҚО полиция департаментінің жедел кезекші бөліміне баяндап, келіншекті Абай полиция бөлімінің учаскелік инспекторына тапсырдық», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Бақжарат Ақылбайұлы.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 5-қабаттан секірмек болған әйелдің құтқарылғанын жазған едік.
Сондай-ақ Батыс Қазақстанда әйелін өлтірмек болған тұрғын ұсталды.