Оралда көрнекі жазуды бүлдірген бұзақылар ұсталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда «Ол күндердің даңқы өшпейді» ескерткіші жанында «Жайық жарығы» ЖШС орнатқан «I love Uralsk» көрнекі жазуды бүлдірген бұзақылар ұсталды.

БҚО ІІД баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 10 наурыз күні белгісіз біреулер аталмыш жазудың қос бірдей қарпін қиратып кеткен болатын. Жергілікті полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында бейнебақылау камераларының көмегімен бұл бұзақылыққа қатысы бар Орал қаласының 1995 және 1996 жылғы үш тұрғынын анықтады.

Қазіргі кезде күдіктілердің үстінен ҚР ҚК 202-бабы 1-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, Орал қалалық ішкі істер басқармасы Абай полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде. Аталған бапқа сәйкес өзгенің мүлкін қасақана жойып немесе бүлдіріп, айтарлықтай залал келтіргендерге екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі көлемде айыппұл салынуы не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылуы, сонымен қатар екі жылға дейін бас бостандығынан шектелуі немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар