Оралда қос бірдей көппәтерлік үй пайдалануға берілді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Орал қаласының Зачаган кентінде қос бірдей көппәтерлік үй пайдалануға берілді.

Салтанатты рәсімге қатысып, пәтер иелеріне кілттерін табыс еткен облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың атап өткеніндей, Елбасы тапсырмасына сәйкес өңірде әлеуметтік, өндірістік нысандармен қатар «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы аясында тұрғын үйлер көптеп бой көтеруде. Соның жарқын көрінісіндей жаңа жыл қарсаңында 160 отбасы баспаналы болып отыр. Алдағы уақытта биыл іске қосылған екі үй құрылысы комбинаты құрылыс қарқынын одан әрі арттырып, салыну мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Зачаган кентінде де құрылыс қарқынды жүргізілуде. Аталмыш үйлер маңында бұрыннан №10 орта мектеп болса, жуырда жаңа балабақша өз есігін айқара ашты. Алдағы жылы 1200 орындық тағы бір мектеп пайдалануға берілмек.

Бүгін жаңадан берілген бес қабатты, 100 пәтерлік тұрғын үй құрылысын «Домостроитель» өндірістік кооперативі (басшысы Валерий Власов) салып бітірді. Сметалық құны 507,250 млн. теңгеге бағаланған үйдің жалпы алаңы - 6300 шаршы метр. Сондай-ақ тағы бір бес қабатты, 60 пәтерлік тұрғын үйді (құны - 300,980 млн. теңге, жалпы алаңы - 4680 шаршы метр) «KazConstructionGroup» ЖШС (жетекшісі Алтай Тұяқов) іске қосты.

Соңғы жаңалықтар
telegram