Оралда ҚР Конституциясының 15 жылдығына арналған дөңгелек үстел отырысы өткізілді

РАЛ. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Тамыздың 24-інде БҚО прокуратурасы «Конституция - мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» деген тақырыпта дөңгелек үстел отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Жиынға мемлекеттік органдар басшылары, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының өкілдері, заңгер-ғалымдар қатысып, Ата заңның негізгі қағидалары төңірегінде өз пікір-тоқтамдарын ортаға салды. Конституцияның Қазақстанның әлемдік өркениетке қарай қарыштай қадам басуының алғышарттарын жасап берген жасампаз да өміршең құжат болып қала беретінін атап өткен отырысқа қатысушылар Елбасы Жарлығына сәйкес құқық қорғау органдары мен сот жүйесінде жүзеге асырылатын реформалардың маңызын да атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар