Оралда ҚР Президентінің жүлдесі үшін IV халықтық спорт ойындарының финалдық жарыстары өтеді

Ойындардың салтанатты ашылу салтанты шілденің 4-і күні болады.
Аталмыш бәсекені Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, «Қазақстанның Азаматтық альянсы» «Бірлігіміз жарасқан» акциясының қолдауымен Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ұйымдастырып отыр.
Осы республикалық спорт сайыстары төрт жылда бір рет өткізіледі және де спорттың барлық танымал түрлерін қамтиды.
Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығы үшін IV халықтық спорт ойындарының бағдарламасында волейбол, шағын футбол, стритбол, армрестлинг, қазақша күрес, үстел үсті теннисі, тоғызқұмалақ, жазғы президенттік көпсайыс, дойбы, отбасылық старттар, шахмат, бильярд, кір тасын көтеру және самбо бар.
Шілденің 6-сы мен 11-і аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы үшін волейболдан халықаралық турнир өтетін болғандықтан, IV халықтық спорт сайыстарының бағдарламасында әйелдер мен ерлер арасындағы волейболдан финалдық жарыстар 2010 жылғы маусымның 21-і мен 27-сі аралығында Оралда өтетін болады.
Қазақстанның барлық аймағынан келген ақтық сайысқа қатысатын споршылардың саны 2000 адамнан астам.