Оралда күннің жылылығынан рекордтық нәтиже тіркелді

ОРАЛ. 13 қараша. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында қараша айы ерекше жылы болып тұр.
None
None
Облыстық гидрометеорология орталығы ауа райын болжау бөлімінің бастығы Татьяна Шилингтің айтуынша, Оралда айдың бірінші онкүндігінде температура нормадағыдан 5-8 градусқа жоғары болды. Әсіресе, 7 қараша күні күн 15,4 градусқа дейін жылынды. Бұл соңғы сексен жылдай уақыттағы рекордтық нәтиже деуге болады (Оралда метеостанса 1937 жылдан бері бақылау жүргізіп келеді). Бұған дейін қалада қарашадағы ең жылы күн (14,9 градус) 1957 жылы тіркелген болатын. Дегенмен 15 қарашадан бастап ауа райы өзгереді, яғни қар мен жаңбыр жауып, жел күшейеді. Ал 18-19 қарашадан күн түнде 3-8 градусқа дейін суытып, күндіз 0 градус шамасында болып, қалыпқа енеді. Өңірде биылғы күз жаңбырлы болғаны белгілі. Мәселен, қазан айында жауын-шашын мөлшерден жоғары болды.
Соңғы жаңалықтар