07:27, 31 Мамыр 2012 | GMT +5
Оралда М.Мәметованы еске алуға арналған дзюдодан халықаралық турнир мәреге жетті
ОРАЛ. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Оралда Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованы еске алуға арналған дзюдодан ІІІ халықаралық турнир мәреге жетті.

Жарыс қорытындысында ерлер арасында өз салмақ дәрежелері бойынша Алтынбек Сұпығалиев, Бағдат Жарылғасов (екеуі де БҚО-дан), Берік Майлыбаев (Маңғыстау), Нұржан Үндебаев (Қызылорда), Армат Рахимов (БҚО), Талғат Әміренов (ЦСКА), Қайрат Баекенов (Қызылорда) жеңімпаз атанса, әйелдерден Балмекен Амангелді, Инабат Киікбаева (екеуі де Ақтөбеден), Севера Нышанбаева (ОҚО), Анжелика Гузь (Павлодар), Ақмарал Кенжебаева, Диана Сәдуақасова (екеуі де Қызылордадан), Зәмзагүл Файзолланова (ЦСКА) және Жүзімгүл Науханова (БҚО) топ жарды. Абсолюттік салмақта Далер Холиков пен Зарина Файзолланова (екеуі де ЦСКА) үздік атанды.
Осы турнирде батысқазақстандық балуандар Алтынбек Сұпығалиев пен Мұрат Баубеков спорт шеберінің нормативін орындап шықты.