14:12, 09 Қараша 2011 | GMT +5
Оралда «Мәңгі бірге» туристік-өлкетану экспедициясы қорытындылануда
ОРАЛ. 9 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Еуразия» туристік-сауықтыру орталығында «Мәңгі бірге» туристік-өлкетану экспедициясының қорытынды кезеңі өтуде.
Облыстық білім басқармасы мен облыстық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы ұйымдастырып отырған шараға көршілес Ресей облыстарынан да мектептен тыс мекемелер үйірмелері мүшелері де қатысуда.
Аталмыш шара мақсаты - қос ел балаларын отаншылдыққа, өз өлкесін сүйіп өсуге тәрбиелеу, оларды өлкетанушылық, зерттеу және іздеу жұмыстарына кеңінен тарту.
Конференцияға қатысушылар «Жеті қазына», «Менің шежірем», «Жерлестер» атты үш бағытта өз ой-тәжірибелерін ортаға салады. Үгіт бригадалары сайысында әр жасақ өзін таныстырып, халықтың салт-дәстүрін көрсетіп, өнерлерін көрсетеді.