Оралда «Мәңгілік ел ұландары» форумы мәреге жетті

ОРАЛ. 8 қараша. ҚазАқпарат - Кеше облыстық білім басқармасы және жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы көшбасшыларының «Мәңгілік ел ұландары» облыстық форумы өткізілді.
None
None
Форумның ашылуы «Достық көпірі» деп аталатын республикалық, халықаралық балалар ұйымдары жұмыстарының көрмесімен басталды. Одан әрі балалардың қатысуымен «Шексіз балалық шақ» сазды концерттік бағдарламасы қойылып, түрлі ойындармен, Оралдағы экология және биология орталығына саяхатпен жалғасын тапты. Жас көшбасшылар «Жастар - ел болашағы» деп аталатын баспасөз мәслихатында өңірдің белсенді жастарымен кездесті. Кездесуден кейін форумға қатысушылар «Өркен» қосымша білім беру орталығында «Жас ұлан - 2050», «Мектеп - 2050», «Қазақстан - 2050» деп аталатын топтық жобаларын қорғап, «Шырқа, Жас ұлан» - жаңа әндер топтамасының тұсауын кесті. Облыстық форум «Жас ұлан алауы» шарасына ұласып, Оралда жаңадан абаттандырылған Жайық жағалауын аралаумен қорытындыланды.
Соңғы жаңалықтар