19:07, 02 Қазан 2013 | GMT +5
Оралда Мәншүкті еске алуға Ақтөбеден «Әлия гүлі» келді
ОРАЛ. 2 қазан. ҚазАқпарат - Оралдағы М.Мәметова атындағы мемориалдық мұражайда Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың туғанына 91 жыл толуына орай «Батыр қыздар бейнесі - әдебиетте» атты салтанатты шара өтті.

Мерекелік шараға Мәншүктің тумасы Мыңтай Таңқанов, Ақтөбе қаласынан әлиятанушы Ғалымжан Байдербес, батысқазақстандық өлкетанушы Жайсаң Ақбай, «Фронтовичка» клубының төрайымы Алевтина Митрохина, М.Мәметова атындағы №27 мектеп-гимназияның оқушылары қатысты. Кешке қатысушылар Әлия мен Мәншүк туралы көрмені тамашалап, қонақтардың естелік әңгімелерін тыңдады.
Кеш Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-гимназияда жалғасты. Мерекелік шарада Ақтөбе қаласынан арнайы келген «Әлия гүлі» ансамблі өнер көрсетті.