Оралда мас күйінде үш жасар қызды қағып өлтірген жүргізуші бес жылға сотталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қалалық сотының 9 маусымдағы үкімімен А.Жуков ҚР ҚК 345-бабы 3-бөліміне сәйкес (абайсызда кісі өліміне соқтырған жол қозғалысы ережесін бұзу) айыпты деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айыру жазасын қоныс колониясында өтеуге сотталды.

Орал қалалық сотынан түскен мәліметке қарағанда, ол сонымен қатар бес жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.

Сот талқысында белгілі болғанындай, А.Жуков 6 сәуір күні түнде мас күйінде «Мазда» автокөлігін айдап келе жатып, Оралға қарасты Коминтерн кентінде жаяу жүргіншілер, 1993 жылғы М.Макаренко мен 2013 жылғы В.Толкачеваны қағып кеткен. Соның салдарынан кішкентай қыз оқиға орнында қаза болса, М.Макаренко жеңіл дене жарақатын алды.

Сот үкім шығарған кезде қылмыстың мас күйінде жасалғандығын, жәбірленушінің ең қата жаза беру туралы пікірін, материалдық шығынның өтелмегендігін, сотталушының кінәсін мойындағанын ескерді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар