13:27, 15 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Оралда мемлекеттік қызметшілер ант қабылдады
ОРАЛ. Қыркүйектің 15-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Облыс әкімдігінде бір топ мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңына сәйкес ант қабылдау рәсімі өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олар - негізінен облыс әкімінің өкімімен бірқатар аудандарға жаңадан тағайындалған әкімдер. Қазталов, Шыңғырлау, Қаратөбе аудандарының әкімдері Табылғали Сапаров, Айболат Сейтақов, Наурызбай Қарағойшиндер еліміздің экономикасының және рухани даму ісіне күш-қайраты мен білімін жұмсайтынына, ұлтаралық келісімді нығайтуға, еліміздің егемендігін нығайтуға, халыққа, Президентке адал қызмет етуге ант қабылдады.
Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов ант қабылдаған мемлекеттік қызметшілерді құттықтап, оларға еңбекте табыс, дендеріне саулық тіледі.