Оралда мемлекеттік тұрғын бағдарламасына сәйкес үш жылда 131 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылмақ

ОРАЛ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарына сәйкес осы кезеңде облыс орталығында 131 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылмақ,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына сәйкес республикалық, облыстық бюджет және несиені қайталап пайдалану есебінен жүзеге аспақ. Үш жылда инженерлік коммуникацияны жүргізуге 3 миллиардтан астам теңге қарастырылып отыр. Қаланың аула аумақтарын абаттандыруға 1,8 млрд. теңге жұмсалмақ. Сонымен қатар жеке инвестиция есебінен үш жылда 730 мың шаршы метрдей тұрғын үй бой көтеретін болады.
Соңғы жаңалықтар