Оралда «Мерекелі, берекелі Наурыз той» атты концерт қойылды

ОРАЛ. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында 20 наурыз күні Наурыз мерекесіне орай «Мерекелі, берекелі Наурыз той» атты концерт қойылды.
None
None

Шара театр фойесінде әзірленген облыстық ұлттық мәдени орталықтары мен облысқа танымал өнер иелерінің «Наурыз - достық, наурыз - құт» деп аталған мерекелік тартуымен басталды. Белгілі ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері Ақұш­тап Бақтыгереева қадамын енді бас­қан сәбидің тұсауын кесіп, өміріне ақжолтай тіледі. Ал еңбек ардагері Әмірхан Қарасаев бүлдіршінге арнап өзінің ақ батасын берді. Жиналған қауым­ға наурызкөжеден дәм ұсынылып, тәттіден шашу шашылды.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қа­тысқан фойедегі театрландырылған көрініс одан әрі концерттік бағдарла­маға ұласты.

Наурыз мейрамына арналған мерекелік шаралар 21, 22 наурыз күндері де жалғасады.

Соңғы жаңалықтар