10:23, 06 Қазан 2012 | GMT +5
Оралда мүгедектердің шығармашылық фестивалі өткізілді
ОРАЛ. 6 қазан. ҚазАқпарат - БҚО-да ұйымдастырылған қайырымдылығы аясында Оралдағы жастар шығармашылығы орталығында мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында ХV облыстық шығармашылық фестивалі өткізілді.

«Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы ұйымдастырған байқау екі бөлімнен: эстрадалық вокал және декоративті-қолданбалы өнерден тұрды. Әншілер сахна шығып, өз өнерлерін көрсетсе, екінші бөлім бойынша көрмеге мүгедек суретшілердің 70-тен аса еңбектері қойылды. Бұлар тақырыбы мен жанры жағынан сан алуан.
«Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының бөлім меңгерушісі Гауһар Шайхиниязованың айтуынша, фестиваль мақсаты - мүгедек жандардың шығармашылық жағынан барынша ашылып, жандары қалаған істерімен айналысуына қолдан келгенше мүмкіндік жасау. Олардың арасында да талантты жандар аз емес. Осындай шаралардың арқасында олардың шеберлік қырлары ашыла түседі.
Фестивальға белсене қатысқандар марапатсыз қалған жоқ.