14:47, 23 Ақпан 2009 | GMT +5
Оралда Мұқағали оқулары мәреге жетті
ОРАЛ. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында дәстүрлі Мұқағали оқулары мәреге жетті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оған аудандар мен қаладан іріктеліп келген он үміткер қатысты. Бес кезеңнен тұратын сайыста дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты кешенінің оқушысы Баянсұлу Қожанбаева жеңіске жетті. Ол наурыз айында ақынның туған жерінде өткізілетін республикалық байқауға қатысатын болады.
Қазылар алқасының төрағасы, әдебиетші-ғалым Серікқали Шарабасовтың айтуынша, байқау аясы жыл сайын кеңейіп келеді.