10:16, 01 Маусым 2010 | GMT +5
Оралда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шара ұйымдастырылды
ОРАЛ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - «Бәйтерек» қоғамдық бірлестігі Оралдағы «Шаңырақ» мейрамханасында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шара ұйымдастырды,
![None None](/static/img/plug.webp)
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бірлестік жетекшісі Меруерт Санкаеваның айтуынша, Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған шаралар апта бойына созылады. Сондықтан балаларды барынша көбірек қамтуға күш салынады. Бұл жолы ауыр науқасқа шалдыққан елу бала келді. Олар үшін дәмді дастархан әзірленіп, түрлі қызықтар күтіп тұрды.
Жүзден астам бала сондай-ақ «Рай» түнгі клубының жазғы кафесінде сергіді.
«Бәйтерек» қазіргі кезде «Бота» халықаралық қорымен бірлесіп, емдеу педагогикасы бағдарламасын жүзеге асыруды қолға алды. Арнайы орын табылса, педагогтар мүгедек балаларды әрі емдеп, әрі оқытып, қатарға қосуға тырыспақ.