Оралда «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы болды

АЛ. 19 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - 19 қараша күні Оралда «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы болды.
None
None

Аталмыш жиын Мәжіліс депутаттарын кезектен тыс сайлаудың өткізілуіне байланысты ұйымдастырылды.

Кеңейтілген отырыста «Нұр Отан» ХДП БҚО филиалының төрағасы, облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов партияның сайлауалды тұғырнамасының жобасы, ұлттық іс-қимыл жоспары туралы баяндама жасады. Сондай-ақ жиында «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің бюро мүшесі Ромин Мадинов, облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, облыстық мәслихат депутаты Алексей Василец сөз сөйлеп, өз ой-толғамдарымен бөлісті.

Отырыста «Нұр Отан» ХДП ХІV съезіне делегаттар сайланды.

Соңғы жаңалықтар