11:17, 24 Ақпан 2009 | GMT +5
Оралда «Нұр Отан» ХДП-ның 10 жылдығына орай студенттер пікірсайысы өткізілді
ОРАЛ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде «Нұр Отан» ХДП-ның 10 жылдығына орай студенттер пікірсайысы өткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Студенттердің саяси белсенділігін арттырып, түрлі мәселелер бойынша көзқарасы мен пікірін еркін білдіруіне мұрындық болу мақсатында ұйымдастырылған жарысқа облыстағы жоғары және арнаулы оқу орындарынан барлығы он сегіз команда қатысты.
Қазақтілділер арасында Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың «Рух» командасы жеңіске жетсе, орыстілділерден М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Демократиялық фракциясы» озық шықты.