Оралда «Нұр Отан» ХДП-ның құрылған күніне орай іс-шаралар өткізілді

ОРАЛ. Наурыздың 1-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-да наурыздың 1-інде «Нұр Отан» ХДП-ның құрылған күніне орай іс-шаралар өткізілді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соның бірі облыстық және қалалық партия филиалдарының ұйымдастыруымен облыстық мәслихаттың залында болды. Оған осы ғимаратта орналасқан мекемелерде қызмет істейтін "нұротандықтар" қатысты.

"Нұр Отан" ХДП БҚО филиалы төрағасының орынбасары Абат Шыныбековтің атап өткеніндей, бүгінгі таңда партия қатарында еліміз бойынша 783 642 мүше болса, олар 6616 бастауыш партия ұйымдарына біріктірілген. БҚО-дағы 323 бастауыш партия ұйымындағы "нұротандықтар" саны 29 мыңнан асады. Облыстағы түрлі деңгейдегі 200 мәслихат депутатының 193-і (29 облыстық, 19 қалалық, 145 аудандық) - "Нұр Отан" партиясының мүшесі.

Партия филиалдары депутаттық фракция арқылы партияның халықтық тұғырнамасының және облыстағы аймақтық бағдарламалардың орындалуына тұрақты түрде мониторинг жүргізіп келеді. Бүгінгі таңда партия халықтың тұрмысын жақсарту, қоғамдағы тұрақтылықты нығайту, инновацияны дамытуды басым қолға алуда.

Кездесуге қатысып, сөз алған облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар, "Нұр Отан" ХДП БҚО филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Самат Оспанов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Мәншүк Аймурзина ынтымақтаса жұмыс жүргізе отырып, мүдделестер қатарын көбейтуге күш салу жайын ортаға салды.

Жиын барысында партия қатарына қабылданған жастарға куәлік, белсенді мүшелерге алғысхаттар табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар